Жаңалықтар

Әлия Назарбаева Facebook желісіне тіркелді

ашық дереккөзі

Әлия Назарбаева Facebook желісіне тіркелді

Қоғам қайраткері Әлия Назарбаева Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. «Бұл бағыты мен тақырыптары Instagram-нан бөлек алаң екенін түсінемін. Бірақ ол жақта да біздің команданың жобалары, қатысушылары туралы аудиторияға қызықты мәлімет ұсына аламын деген сенімдемін. Араларыңызда көп адам жан-жақты ақпарат, ашық диалог пен талқылау алғысы келетінін жазған еді.  Сондықтан, Facebook сіз бен біз үшін жақсы қарым-қатынас платформасына айналады деп ойлаймын », - деп жазды Әлия Назарбаева.