Қысқы қолғап коронавирустан қорғай ма? – вирусолог пікірі

Қысқы қолғап коронавирустан қорғай ма? – вирусолог пікірі

Қысқы қолғап коронавирустан қорғай ма? – вирусолог пікірі
ашық дереккөзі
С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова онлайн-брифинг барысында қысқы қолғаптың коронавирустан қорғауына қатысты пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Вирустың тұрмыстық заттардың үстінде ұзақ сақталатыны анықталды. Оның ішінде көлікте де вирус қалады. Егер адам қоғамдық көлікте қолданған қолғаппен мұрнын, бетін, маскасын ұстамаса, үйінің есігін ашпаса, онда вирус жұқпайды. Алайда, қол жуу - вирусты жұқтырмаудың ең тиімді тәсілі. Ал біз қолғапты жиі жумаймыз, ауыстырмаймыз. Қолғап қысқы ма, әлде күзгі ме - ол маңызды емес», - деді спикер. Сондай-ақ шетелдік мамандар да қысқы қолғапқа қатысты өз ойларын білдірген болатын. Мәселен, Сеченов университетінің медициналық паразитология, тропикалық және трансмиссивті аурулар институтының директоры, академик Александр Лукашевтің айтуынша COVID-тің заттар арқылы қалай таралатыны түсініксіз болғандықтан, мұндай қолғаптардың адамды қаншалықты деңгейде қорғайтынын дөп басып айту қиын. Бұған дейін Ресейдің бас инфекционисті Владимир Чуланов қолғап пен антисептикті дұрыс пайдаланған жағдайда инфекциялық аурулардың алдын алуға болатынын, алайда матадан жасалған қолғапты жиі қолданса, керісінше, вирус жұқтыру қаупі артатынын айтқан.