Банк картасын алаяқтардан қалай қорғаймыз – маман кеңесі
Банк картасын алаяқтардан қалай қорғаймыз – маман кеңесі
Алаяқтар банк карталарын қолданушыларды алдаудың сан түрлі айласын меңгеруде. Егде адамдар тұрмақ, техникалық тұрғыдан сауатты жастардың өзі кейде әккілердің қармағына түсіп қалып жатады. "Роскачество" сандық сараптама орталығының жоба жетекшісі Сергей Бодров алаяқтарға алданбаудың жолын айтты, деп хабарлайды "Прайм".
Маманның айтуынша, біріншіден, өз картаңыздың деректерін – жарамдылық мерзімін, үш таңбалы CVV-кодын және хабарлама арқылы жолданған растау кодтарын ешкімге айтуға болмайды. Егер сізге «банктің қауіпсіздік қызметі» телефон соқса, бірден тұтқаны қоя салу қажет дейді сарапшы.
Қауіпсіздік үшін қаражатты бірнеше банктің картасында бөліп сақтаған дұрыс, негізгі соманы ғаламторда жиі «жарқырай» бермейтін картаға салған жөн. Онлайн сатып алулар үшін жеке карта пайдаланып, онда қаржыны сауда жасар алдында аз мөлшерде салып отырған тиімді.
«Өз картаңызды интернет-дүкендерге тіркеп қоюдың қажеті жоқ, әсіресе, жиі сауда жасамайтын болсаңыз, мұның түкке қажеті жоқ. Сондай-ақ, сауда жасап болған соң картаңыз интернет дүкеннің жүйесінде сақталып қалмағанына көз жеткізіп алыңыз», - дейді Сергей Бодров.