Жаңалықтар

Медаль алғандарға берілетін сыйақы көлемі қандай?

ашық дереккөзі

Медаль алғандарға берілетін сыйақы көлемі қандай?

жуырда ҚР Туризм және спорт министрлігіндегілер Риодағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қандай сомадағы сыйақыны беретінін ресми түрде мәлімдеді. Айта кетейік, сыйақы ҚР үкіметінің 2014 жылдың №1435 жарлығына сәйкес бекітілген. Министрліктегілердің айтуынша, Риода алтын медаль иеленген жеңімпаздар - 250 мың доллар, күміс медаль иеленгендер - 150 мың доллар, ал қола жүлдені жеңген спортшыларға 75 мың доллар көлемінде сыйлықақы беріледі. Сондай-ақ, жарыста төртінші, бесінші және алтыншы орындарда тұрақтаған спортшыларға 30 мың,10 мың және 5 мың доллардан беріледі. Айта кетейік, осы көлемдегі қаражат бапкерлерге де беріледі. Ал ауыратлеттерге келетін болсақ, сыйақы жеке бапкерге, бірінші бапкерге және де құраманың жетекшісіне де бөлінеді. Осылайша мемлекет тарапынан спортшыларға және бапкерлерге 4 миллион 590 мың теңге (1 миллиард 551 миллион 420 мың теңге) бөлінді. Айта кетейік, ақшалай сыйақылар қазіргі бағам бойынша беріледі. Бөлінген қаражаттың сомасы 2012 жылғы Олимпиада ойындарында берілген сыйақымен бірдей болғанымен, девальвацияға байланысты спортшыларымыз 2,5 есе көп соманы алады. Айта кетейік, Қазақстанда жеңімпаздарға бөлінген сыйақыдан көп соманы әлем бойынша тек екі ел төлейді. Әзірбайжанда алтын медаль иесіне 510 мың доллар төленсе, Тайландта алтын медаль иеленгендерге 314 мың доллар төленеді екен. Бірақ ол қаражатты спортшыларға 20 жыл уақыт ішінде төлейді. Ақшалай сыйақыдан бөлек, Олимпиада ойындарының әрбір жеңімпазы мен жүлдегерлері олардың тіркелген орнына байланысты: алтын медаль иегерлеріне - үш бөлмелі пәтер, күміс медаль иегерлеріне - екі бөлмелі пәтер, қола медальді жеңгендерге - бір бөлмелі пәтерден беріледі. Сондай-ақ, спортшылар өздерінің облыстарынан және спорттық федерациялардан тағы материалдық сыйақы алуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан бокс федерациясындағылар Василий Левиттің алтын медаль үшін берілетін сыйақы алатынын хабарлады.