Жаңалықтар

"Борсыққа жол беру үшін тоқтаған": СҚО-да екі көлік жантүршігерлік апатқа ұшырады

ашық дереккөзі

"Борсыққа жол беру үшін тоқтаған": СҚО-да екі көлік жантүршігерлік апатқа ұшырады

Солтүстік Қазақстан облысында джип өтіп бара жатқан борсыққа жол беру үшін тоқтаған екі көлікті қағып кетті, деп хабарлайды СҚО полиция департаменті.  "Mitsubishi Pajero" жүргізушісі Volkswagen Transporter және ВАЗ-2115 көліктерімен соқтығысқан. Апат салдарынан жабайы аңды өткізіп жібермек болған екі көлік те жолдан шығып кетті. Автокөліктердің бірінің екі жолаушысы жарақат алды", - деп түсініктеме берді баспасөз қызметі.