Намбарын Энхбаяр: Көреген және батыл болудың себебі (Елбасы туралы)

Намбарын Энхбаяр: Көреген және батыл болудың себебі (Елбасы туралы)

Намбарын Энхбаяр: Көреген және батыл болудың себебі (Елбасы туралы)
ашық дереккөзі
Моңғолияның үшінші Президенті Намбарын Энхбаярдың Тұңғыш Президент күніне орай жазған “Көреген және батыл болудың себебі” туралы мақаласын ұсынамыз.  width= 1. Қазақ халқының мейірімділігі, кең көзқарастығы жөнінде 2012 жылы Қазақстан тарапы жыл сайынғы 1 желтоқсан күнін – «Тұңғыш Президент күні» мемлекеттік мереке күні ретінде белгілеп, атап өтіп келе жатқанына бірнеше жылдың көлеміндей болып отыр. Бұл күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі мен жетістіктерін бағалауға арналған көптеген іс-шаралар ұйымдастырылса да, мерекенің басты мәнісі – көпұлтты Қазақстанда бітімгершілік пен бейбітшілікті нығайту болып табылады. Осыған байланысты, мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті– Нұрcұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездесуімді еске алып, жеке естелігіммен бөлісуді жөн көрдім. Жас кезімде болған Қазақстан мен қазақ халқына қатысты басымнан кешкен екі оқиға менің жадымда мәңгі сақталады… 1975 жыл. Мен 17 жасымда Мәскеудің Әдебиет институтына оқуға түсіп, сол жылы Солтүстік Кавказдың Қабарда-Балқариядан келген Махти есімді менен 10 жас үлкен жігітпен танысып, екеуіміз дос болып, Мәскеудің Әдебиет институтының жатақханасында 5 жыл бірге тұрдық. Сол кезде Махтидің мойнында үлкен тыртық болды. Бір күні мен одан мойнындағы тыртық жөнінде сұрағанда, ол былай деп жауап берді: «Мен Қазақстанда дүниеге келгенмін. Сталин балқарларды қылмыскерлер деп жариялап, олардың барлығын туған жерінен күштеп шығарып, Қазақстанның шөл даласына қуып жіберді. Көптеген адамдар жолда қаза тапты. Сол кезде біз алдымен шұңқыр қазып, жер астындағы баспанада (орыс тілінде-землянка) тұрдық. Кішкентай кезімде мені шаян шағып, өлім аузында қалғанда, анамның емдеуінің арқасында аман қалдым. Содан кейін мойнымда тыртық қалып қойды. Балқарлар шөл далада қалғанда көп азап шекті. Біз 1956-шы жылға дейін Қазақстанда тұрып, Хрущевтің басқаруы кезінде ғана Отанымызға оралдық. Сол қиын қыстау кезеңде қазақтар бізге көп қол үшін берді. Егер қазақтардың көмегі болмағанда, көптеген балқарлар жойылар ма еді… Біз, Балқарлар қазақ халқына сол үшін ризашылығымызды білдіреміз.» Мәскеуге келгеннен кейін көп ұзамай әдеби ортаға ғана емес, сол кездегі Кеңес Одағының барлық зиялы қауымдарына қатысты дау-дамай туды. Қазақтың әйгілі ақыны Олжас Сүлейменов ұзақ жылдар бойы жазған «Аз и Я» (ежелгі славян тіліндегі «Аз» сөзі орыс тілінде «Я» және моңғол тілінде «би» деген мағына береді. Ақын «би» деген бір мағыналы «Аз» және «Я» деген сөздерді ұштастырып, туындысын орыс тілінде «Азия», яғни моңғол тілінде «Ази» деп атауы арқылы Азия мен Азиялықтардың үлкен көрші мемлекеттердің тарихы мен мәдениеті, сондай-ақ жалпы адамзаттың қоныстанған өркениетіне айтарлықтай әсер еткендігін көрсеткісі келген екен) туындысын басып шығаруының соңы дау-дамайға әкеп соқтырды. Бізге Орыс әдебиетінен сабақ берген профессор Юрий Селезнёв (Ф.Достоевскийдің шығармаларын зерттеуші, танымал аудармашы. Өкінішке орай, өте жас кезінде, 1984 жылы жүрек талмасынан қайтыс болды) сабақ кезінде Олжас Сүлейменовтің шығармасын сыңға алғаннан кейін барлығымыздың қызығушылымыз артып, О.Сүлейменовтің шығармасын оқығымыз келді. Кеңес Одағында О.Сүлейменовтің шығармаларына тыйым салынып, ақын «Аз и Я» туындысын жазғаны үшін қудаланып, сол кездегі Кеңестік Қазақстанның басшысы Д.Қонаев Кеңес Одағының басшысы Л.Брежневпен сөйлесу арқылы ғана қудалануды жеңілдеткен тарихы да бар. Еуропа көзқарастық тұрғыда емес, Азиялық көзқарастық тұрғыда анықтап көрсе, көшпелі түріктер тұрғысынан Ресейдің әйгілі «Игорь жасағы туралы жыр» шығармасын оқып қарасақ, көшпенділердің қоныстанған өркениетке айтарлықтай әсер еткендігін аңғаруға болады. Осылайша, қазақ жазушы-зерттеушісі туындысының арқасында біздер –студенттер, кез келген дүниені кең көзқараста, толық бейнеде көрудің маңызды екендігін түсінген едік. Осылайша, менің жадымда қазақ халқы мейірімді, жанашыр адамдар деген түсінік қалыптасып, қазақ жазушысының Орыс тарихы мен мәдениетінің ең іргелі шығармаларының бірі «Игорь жасағы туралы жырды» Азиялықтар, әсіресе көшпенділер тұрғыда оқып, көптеген қызықты тұжырымдамалар жасап, орыстың жазушы, зерттеушілерімен орыс тілінде пікір таласып, батылдық танытқандығы есімде сақталды. Бұл оқиғалар Кеңес Одағында болған. 2. Тәуелсіздікті жариялаудың ұлы тағдыры Кеңес Одағы 1990-шы жылдардың басында ыдырады. 1991 жылы Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин, Украинаның Президенті Л.Кравчук, Беларусь Жоғарғы кеңесінің төрағасы С.Шушкевич, Минскінің маңайындағы Беловеж орманында келіссөздер өткізіп, «Беловеж келісіміне» бірге қол қойып, Кеңес Одағының ыдырауын рәсімдеу арқылы көп ұзамай Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы атауымен тарихқа енгізілді. Кеңес Одағы қала беруге болар ма еді, әлде жоқ па еді, Кеңес Одағының ыдырауына кім кінәлі?, – тәрізді сұрақтар талқыланып, ол үлкен тақырыпқа айналды. Осы мақала да мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті– Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуім жөнінде бөлісіп отырғандықтан бұл үлкен тақырыпты әрі қарай қозғамағаным дұрыс болар. Алайда, Ресей зерттеушілері, Кеңес Одағы ыдыраған сол қиын қыстау кезеңде, Кеңес Одағында тұңғыш және жалғыз рет өткен референдумға барлық сайлаушылардың 80%-ы қатысып, олардың 76%-ның КСРО одағын жаңартып, сақтап қалу жөніндегі ұсыныстарын құрметтеп, Кеңес Одағын жаңа Конституцияға сәйкес өзгертіп, сақтап қалуға тырысқан Нұрсұлтан Назарбаевтың құлшынысын жоғары бағалаған. Алайда, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, құрамындағы республикалар, оның ішінде Қазақстан да өз тәуелсіздігін жариялап, Тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланған еді. Тәуелсіздік алу – елдің бүкіл саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесін қайта құру деген сөз. Бұл дегеніміз аса үлкен еңбекті талап ететін процесс. Нұрсұлтан Назарбаев дәл осы жауапкершілікті өз мойнына жүктеді. Жауапкершілікті жүктеу Н.Назарбаевтың тағдырына бұйырды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін толыққанды нығайту іс-қимыл шеңберінде Н.Назарбаевтың жүргізген кешенді саясатының бірі әлемнің түкпір-түкпіріндегі қазақтарды тәуелсіз Қазақстанда тұруға шақыруы болып табылады. Оның бір мысалы, біз, 1990-шы жылдардың басында көптеген Моңғолия қазақтары Қазақстанға қоныс аударуының куәсі болдық. Қазақстан Республикасының ресми мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан қазақтарды қабылдау саясатын іске асырып бастағалы 1 миллионнан астам қазақ қоныс аударыпты. Өздеріңізге мәлім, К.Зардыхан, А.Хавлаш тәрізді Моңғолияның әйгілі зиялы қауымдары мен өнер, мәдениет жұлдыздары Қазақстанға қоныс аударды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағанда, жалпы адам санының 50%-ға жетер жетпес пайызы қазақтардан тұрған. Сол себепті, Қазақстан Республикасындағы этникалық топтың басым бөлігі қазақтар болуы айқын болғандықтан, басқа мемлекеттердегі қазақтарды Қазақстанға қоныс аудартқызу арқылы тәуелсіздік пен тұрақтылық және бітімгершілікті сақтап қалуға деген көреген, саналы саясат екендігі анық. Бұл саясат Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қарқынды түрде жүзеге асырылды. Алайда, аталған саясатты жүзеге асыру оңайға соққан жоқ. Саяси, әлеуметтік және экономикалық ахуал күрделі болды. Иммигранттар басқа ортада, қоғамда туып өскендіктен Қазақстанға келгеннен кейін оларға үйренісу қиынға түсіп, қайтып кеткендерде аз емес болды. Құжаттарының реттелмеуі, жұмыс таба алмауы сияқты қиыншылықтарды тізбектесек, әр адамның өз айтары бар. Алайда, мемлекетті қайта құрып, тәуелсіздікті сақтауды көздеген Елбасы осындай саясат жүргізіп, оны қарқынды іске асыруы қалай болғанда да, Қазақстанның болашағына оң әсерін тигізгені анық. Осыған байланысты, Елбасының бойындағы 3 қасиетті ерекше атап өткенді жөн көрдім. Олар: 1. Қиын жағдайлар мен дағдарыстан шығу үшін тек қазіргі ахуалға ғана тоқталмай, болашаққа кеңінен қарап, алдына үлкен мақсаттар қойды. 2. Саясатты анықтау және оны ұсынарда соңғы нәтижесі қандай болу керек екендігін жақсы білді. 3. Бірден әзірленген саясатты дәйекті түрде іске асыра алатын батыл тұлға. 3. Дүниежүзі қазақтары құрмет тұтатын көшбасшысы Бұл саясаттың нәтижесінде, Н.Назарбаев тек Қазақстанның емес, бүкіл әлем қазақтары құрметтейтін көшбасшыға айналды. Мен Моңғолияның Президенті ретінде, Қазақстанның сол кездегі Астана қаласында өткен ШЫҰ саммитіне қатысып, сонда қоныс аударған Моңғолия қазақтарымен кездесіп, олардың пікірлерін тыңдаған едім. Олар Моңғолиядан Қазақстанға көшіп, сонда қоныстану жөнінде былай әңгімелеген еді: «Осында көшіп келіп, қоныстану оңайға соқпайды екен. Мүлдем басқа жағдайда өмір сүруіміз қажет. Қазақстанның қазақтары Моңғолиядан келген қазақтарды моңғол деп атайды»,- деген. Өмір сүру туралы да әңгімелер қозғалды. Еттің құны қанша деген әңгіме де болды. Кездесу барысында, Моңғолиядан барған қазақтар қазақ тілін, мәдениетін жақсы сақтап қалғаны Моңғолия Үкіметінің көп жылдар бойы қазақ ұлтын қолдап, саналы саясат жүргізгенінің нәтижесі екендігі туралы айтылды. Мен кейбір қазақтардың Моңғолияға оралғысы келетіндерін естіп жүрдім. Олардың ішінде Моңғолияға оралғандары да бар. Әр адам жөнінде әңгімелей берсек, көптеген қиыншылықтар мен мәселелерді тізбектеуге болады. Алайда, бір мемлекет, сол елдің тірегі болып табылатын ұлттың, тәуелсіздіктің үлкен көрінісіне көз жүгіртсек, Елбасы Н.Назарбаевтың саналы саясатының нәтижесінде, қазіргі таңда Қазақстандағы қазақ халқының жалпы саны 70%-ды құрайды. Осылайша, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтудағы демографиялық саясат сәтті жүзеге асырылды. 2008 жылғы Нұрсұлтан Назарбаевтың Моңғолияға ресми іс-сапары барысында осы тиімді саясат жөнінде әңгімелескенде, ол бұрынғыдай басқа елдердің қазақтарын Қазақстанға шақырудан гөрі Қазақстанға көшіп келген қазақтарды қоныстандыру, олардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға аса назар аудару үстінде екендігі туралы айтқаны есімде. Моңғолиядағы қазақтар Моңғолияда жақсы өмір сүруіне Қазақстан Республикасы көмектеседі деп ойлайтындығын маған және Президент Н.Назарбаевпен кездесуге келген қазақ диаспорасының өкілдеріне де айтқан болатын. 4. Басқару түрлері және жауапкершілік мәселесі Менің Н.Назарбаевпен бірнеше рет кездесу барысында талқылаған кейбір тақырыптар әлі күнге дейін есімде. Біз басқару түрлері жөнінде әңгімелесіп, пікір алмасқан едік. Президент Н.Назарбаевтың айтуынша, моңғол және қазақ халқы өмір сүру ғұрыптары, тарихы мен көшпенділер мәдениеті жағынан көп жағдайда ұқсас келеді. Әділеттікке тоқталар болсақ, жауапкершілік арқалауда үміт күттірер ерекше ойлау қабілеті бар. Сол себепті, осы бірегейлікті ескеретін болсақ, Президенттік басқару, яғни халық арасынан сайланған Президент атқарушы билікті басқарып, жауапкершілікті арқалағаны жөн деп санайтынын білдіреді. Бұған жауап ретінде, мен басқа пікірде екендігімді білдіріп, Моңғолия Парламенттік басқаруды таңдайтындығын айтам. Сонда ол: «олай болса, көп адамның басқаруы жауапкершілік арқалайтын ешкім жоқ екендігін білдіреді», – деді. Бұл осыдан 10 жыл бұрын болған әңгіме. Сол кезде мен парламенттік басқаруды ұстанатын едім. Алайда, өткен жылдарға көз жүгіртсек, Моңғолияда жауапкершілік арқалайтын лауазымдылар мен ұйымдар жоқтың қасы. Осылайша, көп жылдарды артқа тастаппыз. Енді бұл жағдайды өзгертетін уақыт та келді. Орыстарда бір мақал бар: «У семи нянек дитя без глазу». Моңғол тілінде сөзбе-сөзбе аударғанда: «Жеті тәрбиеші бола тұра, баланың көзі соқыр болса, оған жауапты иесін таба алмайсыз». Теориялық тұрғыдан алғанда, мемлекеттің билігі толығымен халықтың қолында және мемлекет билігін іске асыру кезінде, ол тең үш, бірақ әр түрлі, жеке міндеттері бар 3 билікке бөлінеді. Мемлекеттік билік халықтың қолында болған соң, мемлекеттік 3 биліктің кез келгені халықтың таңдауымен құрылуы шарт. Алайда, парламенттік басқару жүйесінде халықтың сайламаған Үкіметі құрылып, атқарушы билікті іске асырады. Осы ауытқушылықты түзету мақсатында Президентті халық сайлап, Президент Үкіметті басқарып, жауапкершілік арқалауы дұрыс. Тәуелсіз Қазақстанның өткен 30 жылдағы тарихы оның көптеген қиыншылықтарды еңсергендігін дәлелдейді. Осы қиындықтарды халықтың сайлаған Президенті, Н.Назарбаев өзінің кез келген дүниеге кеңінен қарау қабілеті, алдына үлкен мақсаттар қоюы, мақсаттарының соңғы нәтижесі қандай болу керек екендігін нақты білетіндігі, сол мақсатына жету үшін тыңбай күресетін батылдығының арқасында жеңіп шықты. Шыныменде батыл адам. Бұрыңғы Кеңес Одағының құрамындағы республикалар тәуелсіз мемлекеттерге айналып, олардың басшылары арасынан аман-сау кезінде өз еркімен лауазымынан бас тартқан санаулы көшбасшылардың бірі болып табылады. Ол лауазымынан бас тартпай, президенттік қызметін жалғастырса, жалғастыра беретін де еді. Ол бір сұхбатында, 2020 жылы қызметін өткеретіні жөнінде айтқан еді. Алайда 2019 жылы өз орынын босатты. Солай дұрыс деп санаған шығар. Келесі Қазақстан Республикасының Президенті, Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірнеше мәрте кездескенімді атап өтейін. Жалпы, бір кездері Моңғолия-Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарының белсенділігі тоқтап, әлсіреп қалғанына өкінішімді білдіре, бұл қарым-қатынас пен ынтымақтастықты белсендендіріп, дамыту үшін моңғол тарапы бастама көтергені жөн деп санайтынымды атап өткім келеді. 5. Қазақстанның жаңа астанасы және ұлы даму, құрылыс жылы, геосаяси қозғалыстар Елбасы Н.Назарбаевтың үлкен жетістіктерінің бірі – ол, әрине Астана қаласы. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы. 1994 жылы Қазақстандағы күрделі экономикалық дағдарысты еңсеру үшін Н.Назарбаев биік мақсат қойып, Қазақстанның астанасын Алматыдан сол кездегі Ақмола (Целиноград) қаласына көшіру жөнінде ұсыныс тастап, Қазақстанның парламенті Президенттің осы бастамасын қолдаған болатын. Жаңа астана салу, құрылыс жұмыстарына шетел инвестицияларын арттырып, жаңа жұмыс орындары пайда болып, экономиканы қайтадан жандандырып, қалпына келтірді. ШЫҰ саммитіне қатысу барысында сол кездегі Астана қаласының құрылысының тарихымен танысу кезде әлемге әйгілі сәулетші лорд Норман Фостердің мемлекет басшыларға өзінің жобалаған, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласының келбетіне айшықты көрініс беретін «Бейбітшілік және келісім сарайының» құрылысын таныстырып жатқаны есімде. Сол кезде мен қызығушылықпен тамсанып қарадым. Бізде Моңғолияда осындай құрылыс жұмыстарын жүргізсек деген ойда болғанымды жасырмаймын. Кем дегенде, Н.Фостердің жобасын жасаған ғимаратты мыңдаған адамдар тамашауға келеді. Атақты сәулетші Антонио Гауди салған Христиан шіркеуін көру үшін мыңдаған адамдар ресми түрде Испанияның Барселона қаласына барады. Сол тәрізді, Н.Назарбаевқа тән тағы бір ерекшелік – ол кез келген дүниені жоғары сапада қабілетті, кәсіби мамандар мен ұйымдарға жасататындығы. Ұлы Британия Патшайымының “лорд” атағына ие болған Норман Фостер – әлемге аты танылған сәулетші. Оның жобалаған көптеген ғимараттары әлемнің көп қалаларында бой көтеріп, сол қалалардың сәнін келтіруде. Айтпақшы, Норман Фостердің тапсырыс келіп түссе, Моңғолияда да жұмыс жасауға дайын екендігін білдіргені есімде. Қазақстанның жаңа астанасы, елдің адам саны аз солтүстік өңірінің дамуына ықпал етті деп саналады. Нәтижесінде, геосаяси тұрғыдан Қазақстанның дамуының тепе-теңдігі қамтамасыз етілген соң, қазақ халқы өз елінің кең аумағын одан әрі сезініп, елінің нағыз қожайынына айналу процессі өрбіді. Ал, біз моңғолдар еліміздің кең аумағын қаншалықты сезіне аламыз? Мыңжылдық жолдың салынуымен көптеген адамдар шалғай аймақтарға автокөлікпен баратын болды. Алайда, бұл кеңістіктерге құрылыстар салу қажет. Енді шалғай деген ұғымды жою керек. 1220 жылғы Шыңғысханның жарлығымен Хархоринді Империяның астанасы болдырғанына 800 жыл толуына байланысты, Хархоринді екінші астанаға айналдырып, қала салу теориясы тұрғыдан ұлы құрылыс жұмыстарын жүргізіп, Моңғолияның дамуының тепе-теңдігін қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындар әзірлеу және инфрақұрылымдарды дамыту, инвестицияны арттыру, жаңа технологиялар енгізу жұмыстарын бастайтын уақыт келді. Мұндай жұмыстарды қысқа мерзімде жасап үлгеруге болатындығының бір мысалы – ол Қазақстан. Алайда, өзіміздің және әлемнің ең жақсы мамандары мен ұйымдардың қатысуымен Хархорин қаласын салуға тыңбай еңбектенсек, еліміздің дамуына зор ықпал етер еді. Сондай-ақ, Өгөөдэй ханның кезінде, Хархорин қаласының құрылысына әлемнің ең үздік шеберлері мен дарындылардың қатысқандығын тарихтың өзі растайды. Осылайша, біз астанамыз Улаанбаатар қаласындағы өзекті мәселелерді шешіп, елімізді тұрақты және қарқынды түрде дамыта аламыз. Улаанбаатар, Хархорин екеуінің арасын жүрдек пойызбен байланыстыру мәселесін бірлесіп шешсек тіптен дұрыс болады. 6. Олимпиада ойындары және мұнай Екіжақты өзара іс-сапарлар барысында Қазақстан Моңғолияға шикі мұнай импорттау квотасын беру жөнінде талқылағанбыз. Қазақстан – мол мөлшерде шикі мұнай өндіріп, экспортқа шығаратын мемлекет. Президент Н.Назарбаев біздің ұсынысымызды қолдап, алайда Моңғол тарапы қалайтын мұнай мөлшері аз (біздің мұнай және мұнай өнімдерін импорттайтын компаниялардың тапсырысын біріктірген күннің өзінде мұнай экспорттаушы мемлекет үшін біздің қалайтын мөлшер аз болып саналады) болғандықтан, Корея мен Қытай тәрізді мемлекеттер импорттайтын мұнайдың жалпы көлеміне Моңғолияның квотасын қосып жеткізу жөнінде ұсыныс тастаған еді. Президент Н.Назарбаев бір ұсыныс білдірсе, ұмытпай оны зерделеп, әрдайым ізденеді. Сонымен 2008 жылы біз Бейжің олимпиадасының ашылу салтанатында кездескенімізде, ол мұнай импорттауға квота беру жөніндегі ұсынысымызды есіме салып, олимпиада басталар алдында Қытайдың басшылығымен кездестіріп, Моңғолияның квотасын Қытайдың импорттайтын мұнай көлеміне қосып, Моңғолияға Қытайдан тасымалдаған оңайырақ деген еді. Мен қуанышымды білдіре, Моңғолия тек бір елден жоғары бағада дайын мұнай өнімдерін сатып алудан тыс, басқа мемлекеттен арзан бағада шикі мұнай алып, елімізде мұнай өңдейтін зауыт салып, оны іске қоссақ, Моңғолия үшін стратегиялық маңызды мұнай өнімдерінің бағасын төмендетуге нақты мүмкіндік пайда болатынын айтып, пікіріммен бөліскенмін. Олимпиаданың ашылу салтанаты кезіндегі сол шу, қозғалыс, жарық пен толқудын ортасында Н.Назарбаевтың Моңғолия квотасы жөнінде әңгіме қозғағаны ол екеуміздің жақсы қарым-қатынасымыздан гөрі, көшпенді дәстүрлі моңғолдардың ұсынысына құрметпен қарап, көмектесейін деген шынайы құлшынысының белгісі деп білемін. Бейжің олимпиадасында біздің чемпионымыз Н.Түвшинбаяр финалда Қазақстандық Асқат Жіткеевті жеңіп, моңғолдар тұңғыш алтын медальді қанжығасына байлаған еді. Моңғол спортшысының жеңіске қол жеткізуі Қазақстандық спортшыға өкініш тудырғаны рас болса да, жалпы моңғол, қазақ спортшыларының финалда бірге қалуы бір Құдайдың әдейі солай жазуы деп білемін. 7. Алтай өркениеті Құдай демекші, моңғол және қазақ халқы Алтай өркениетті халық болып табылады. Сонымен қатар, ғалымдардың зерттеуінше, Алтай тауларының шығысында тұратын кәрістер мен жапондар да осы өркениетке жатады екен. Батысқа қарай үңілсек, түркілер мен қырғыздар тәрізді ұлттар да бар. Алтай өркениетіндегі ұлттар Жаратқан иеге табынады. Аталған ұлттардың ауызша және жазбаша әдебиетінде олардың Жаратқан ие, Тәңірге ғибадат ететіндігі айқын көрсетілген. Алтай өркениетті ұлттар мен мемлекеттер бүгінде Тынық мұхитынан Жерорта теңізіне дейінгі аумақтарда орналасқан. Солтүстік бойынша Ресей және оңтүстік бойынша Қытай сияқты екі ірі мемлекеттермен шектеседі. Осы орайда, ғалымдар мен зерттеушілердің пайымдауынша, Алтай өркениетті мемлекеттердіңқарым-қатынастарының тереңдеуі, нығайюы аталған өңірлердегі ұлттардың өз тарихын танып білу, жаңа заманға баға беру, болашақтағы сынақтарға бірлесіп төтеп беруіне зор ықпал етеді. Бұл рас айтылған, дұрыс ой. Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Н.Назарбаевқа қатысты бастан өткізген оқиғаларымды есіме ала отырып, болашақты елестеу қалыпында осымен тәмәмдайын. Биыл 80 жасқа толған Елбасы Н.Назарбаевты мерей тойымен құттықтай отырып, оның тәжірибелі, көреген және жасампаз көшбасшы ретінде, Алтай өркениетті мемлекеттер мен ұлттардың қарым-қатынастарын дамыту жөнінде қызықты бастамалар көтеретініне күмәнім жоқ екендігін атап өткім келеді.

Игі істер көбейе берсін.

Н.Энхбаяр, Моңғолияның үшінші Президенті