Украинада қазақ мәдени орталығы ашылды

Украинада қазақ мәдени орталығы ашылды

Украинада қазақ мәдени орталығы ашылды
ашық дереккөзі
Украинада «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды, деп хабарлайды «Отандастар қоры» баспасөз қызметі.
2020 жылғы 30 қарашада «Отандастар қоры» КеАҚ пен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ бірлесіп, Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен онлайн форматта Киев қаласында (Украина) «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуын жасады
Іс-шараға Қазақстан Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дархан Калетаев, «Отандастар қоры» КеАҚ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, Украинадағы қазақ қауымының өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.
Шара аясында «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтіп, Украинадағы қазақ қоғамдастығының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
«Отандастар қоры» КеАҚ «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйлері бұған дейін Омбы (Ресей), Ташкент (Өзбекстан), Стамбул (Түркия) және Германия (Берлин) қалаларында ашылды.
 width=