Алматының аруы – Асият (фото)
Алматының аруы – Асият (фото)
«Алматы аруы – 2020» байқауының жеңімпазы болып 20 жастағы Асият Исембаева танылды.
Асиятпен қатар сұлулар сынына қатысқан тағы 3 ару 2021 жылы өтетін «Қазақстан аруы» байқауында бақ сынайтын болады. Олар Амира Сқақ, Александра Розанова және Валерия Сорокотяга.
Асият Исембаева – Мәскеу халықаралық университетінің журналистика факультетінің 1 курс студенті.
Арулар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Көк-Төбеде болды. Бұл жолы карантиндік шектеулерге байланысты байқау көрерменсіз өтті. Сұлулық сайысына «Алматы аруы-2020» байқауының директоры Совет Сейітов, әнші Айжан Нұрмағамбетова, «Алматы аруы-2019» байқауының жеңімпазы Диана Әбішева төрелік етті.