Жаңалықтар

Адамдарды вакцина арқылы чиптеу мүмкін бе – сарапшы пікірі

ашық дереккөзі

Адамдарды вакцина арқылы чиптеу мүмкін бе – сарапшы пікірі

Коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының құрамында халықты чиптеуге арналған құрамдас бөліктер жоқ. Бұл туралы Сеченов университеті Трансляциялық медицина және биотехнология институтының директоры Вадим Тарасов мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. «Түсінікті платформада жасалған қарапайым вакцина. Құрамында баршаға белгілі элементтер бар, олар арқылы адамды чиптеу немесе өзге де қастандық әрекеттерін жасау мүмкін емес», - деді Тарасов. Оның сөзінше, әзірге адамдарды вакцина арқылы чиптеу технологиясы пайда болған жоқ. Сонлай-ақ, Тарасов «Спутник V» екпесінің –  құрамында гендік модификацияланған өнімдер жоқ екенін атап өтті. Еске сала кетейік, бұдан бұрын ресейлік «Спутник V» вакцинасы америкалық аналогтары — Pfizer және Moderna компаниялары әзірлеген екпелерден анағұрлым арзан болатыны хабарланған.