Биыл 6282 түркістандық "Nur Otan" партиясына қабылданды
Биыл 6282 түркістандық "Nur Otan" партиясына қабылданды
Бүгін Түркістан облысының 16 аудан, қаласында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында түрлі сала өкілдеріне «Nur Otan» партиясының мүшелік билеттерін тапсыру салтанатты іс-шаралары өтті. «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында өткен жиында 12 адамға партиялық билет тапсырылды.
Партия қатарын толықтырғандар сапында білім, кәсіпкерлік саласының өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер де бар.
Осы күні Түркістан облысының барлық, аудан қалаларындағы филиалдарда жалпы 138 азаматқа партиялық билеттері тапсырылды. «Нұротандық» атанған азаматтар партияның ұстанымын қолдай отырып, елді дамыту жолында еңбек ететіндіктерін жеткізді.