Британдық дәрігер шаш түсуін тоқтату тәсілін айтты
Британдық дәрігер шаш түсуін тоқтату тәсілін айтты
Британдық трихолог Филипп Кингсли шаштың қалыпты өсіміне қай дәруменнің тапшылығы кедергі келтіретінін айтты, деп хабарлайды Express.
Дәрігердің сөзінше, шаштың жиі түсуіне, өсуінің баяулауына ағзада B12 дәруменінің жетіспеушілігі себеп. B12 жүйке жүйесінің жұмысын тұрақтандырады, ДНҚ түзілуінде маңызды рөл атқарады. Ағзада бұл витамин тапшы болса, шаш оттегін жеткілікті мөлшерде сіңіре алмайды, салдарынан өсуі баяулап, түсе бастайды.
B12 витаминінің тапшылығын арнайы тағамдық қоспалармен және азық-түлік өнімдерімен толтыруға болады. Бұл дәруменнің негізгі көзі: үй құсы, бауыр, жұмыртқа, сүт, соя сүті, жармалар мен ашытқы.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ұлыбританиялық дәрігер Гита Мейкер-Кларк пандемия кезінде ағзаның қорғаныс қабілетін арттыру үшін қандай тағамдар тұтыну керегін айтқан еді. Оның сөзінше, иммунитетті көтеру үшін мүмкіндігінше жаңа піскен көкөніс пен жемістерді күнделікті тұтынып, қант жеуді азайту қажет.