Саясат Нұрбек өзін сынаған блогерді киллерге теңеді

Саясат Нұрбек өзін сынаған блогерді киллерге теңеді

Саясат Нұрбек өзін сынаған блогерді киллерге теңеді
ашық дереккөзі
BTS Education компаниясының басшысы, қоғам белсендісі Саясат Нұрбек Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзін айыптаған блогер Гүлбану Әбенованы ақпараттық киллер деп атады. «Мен жала жапқан айыптаулар, фактілерді манипуляциялау және қайтыс болған жақындарымның ар-намысына тиетін бірнеше өзара посттарға жауабын даярлап жариялаймын. Сондықтан, қолдауларыңыз үшін барлығына алғыс айтамын!» деп жазды С.Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында. Оның айтуынша, қоғам белсендісінің өмірбаянында елдің күдік-күмәнін тудыратындай ештеңе жоқ екен. «Біз өзара сыйластық пен сенім қоғамын құруымыз керек. Сізден кішкене шыдамдылық сұраймын, мен бәріне егжей-тегжейлі түсінік беремін, өмірбаянымда және менің іс-әрекетімде ешкімнің де күмән көлеңкесі болмауы керек» дейді С.Нұрбек. Ал орыс тілінде жазған енді бір постында өзін айыптаған блогер Гүлбану Әбенованы ақпараттық киллерге (тапсырыспен адам өлтіруші-ред.) теңеді. «Әбенова ханым тәжірибелі ақпарттық киллер екені бесенеден белгілі, тек ол бұл ісін бүркемелеу үшін өзін қоғам белсендісі, тәуелсіз блогер ретінде көрсеткісі келеді, ол сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясындағы бір орталықтың жетекшісі екенін де жасыруға тырысады. Біз қазір Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА басшысы Жылбаев Жанбол Октябрьұлына ашық сұрау хат жолдайтын боламыз» деп жазды Саясат Нұрбек.