1 желтоқсанда сауда және ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

1 желтоқсанда сауда және ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

1 желтоқсанда сауда және ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
ашық дереккөзі
1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күні, қазақстандықтар үшін ресми демалыс күні екені белгілі. Мерекеде Нұр-Сұлтан мен Алматыда сауда-ойын-сауық орталықтары жұмыс істейтін болды. Сондай-ақ, бұл күні қоғамдық көліктің де жұмысына шектеу қойылмайды. «Тұңғыш Президент күні қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмысын жалғастырады. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері жүреді, ал жексенбі күндері жүрмейді. Жол жүру ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», –  деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі. Әкімдіктің мәліметінше, 1 желтоқсанда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарлар да қалыпты режимде жұмыс істейтін болады. Салют атуға және бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Алматыда да 1 желтоқсанда қоғамдық көлік бұрынғы режимде жұмыс істейді. Санэпидбақылау департаменті сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен базарлар бұрынғы режимде жұмыс істейтінін айтады. Мұнда да салют атуға тыйым салынған.