Президент телефон нөмірін жариялады

Президент телефон нөмірін жариялады

Президент телефон нөмірін жариялады
ашық дереккөзі
Венесуэла президенті Николас Мадуро өз нөмірін жариялап,  өзін мессенджерлердегі топтарға қосуды өтінді. Мұндай мәлімдемесін мемлекет басшысы Twitter-де жазды, деп хабарлайды Lenta.ru Ол Венесуэла жайлы шындық үшін күрестің Telegram мен WhatsApp-тағы топтарына қосылғысы келетінін айтты. «Міне менің нөмірім — 04262168871, өз топтарыңызға қосыңыздар», - делінген жазбада. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Венесуэла президенті  туған күніне қандай сыйлық алғысы келетінін айтқан еді. Мадураның сөзінше, ел тұрғындарының 6 желтоқсанда өтетін парламент сайлауына жаппай қатысуы оның туған күніне жасалған ең керемет сый болмақ.