Шымкентте жоғалған 12 жасар қызын Таразға іздеп келген әйел полицияға видео жолдады (видео)

Шымкенттік полицейлер қала аумағында жоғалған 12 жастағы қызды Тараз қаласынан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте жоғалған 12 жасар қызын Таразға іздеп келген әйел полицияға видео жолдады (видео)
ашық дереккөзі

2020 жылғы 26 қарашада «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны хабарласып, бір күн бұрын жасөспірім қызының жоғалғанын айтып, көмек сұраған. Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл іздеу шараларына кіріседі. Оқушы қыз сол күні «Алаш» базарына барып, қайта үйіне оралмаған. Іздестіру жұмыстарына кіріскен тәртіп сақшылары қызды Шымкент-Алматы бағытындағы жолаушылар көлігінде кетіп бара жатқан сәтінде, Тараз қаласынан тапқан. Абай ауданы Полиция басқармасының жедел уәкілі Орынбек Өмірзақ анасы мен қызын аман-есен қауыштырып, Шымкент қаласына жеткізген. Қазір жасөспіріммен психолог профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Өз кезегінде қыздың анасы тәртіп сақшыларына әбжіл қимылдап, тез арада жасөспірім қызын тауып бергені үшін алғыс айтып, видео жолдады.