3000 жыл бұрын жасалған құнды артефакт табылды

3000 жыл бұрын жасалған құнды артефакт табылды

3000 жыл бұрын жасалған құнды артефакт табылды
ашық дереккөзі
Иерусалимде Биньямин Милт есімді тоғыз жасар бала кездейсоқ ежелгі артефактіні - 3000 жыл бұрын жасалған алтын моншақты тапты.  Temple Mount Sifting Project сайтында моншақтың Иерусалимнің шығыс бөлігіндегі ғибадатханадан табылғаны айтылған. Моншақ жақсы сақталған. Артефактіні ең бірінші көрген археолог оны қазіргі заманғы зат деп ойлаған. Кейінірек моншақ алғашқы Иерусалим ғибадатханасы немесе біздің заманымызға дейінгі 950-586 жылдар аралығында Сүлеймен ғибадатханасы кезінде жасалғаны белгілі болды. Ғалымдар бұл кезеңдегі алтын өнімдері өте сирек кездесетінін айтады.