«Ұры алыстан келмепті». Құны 1 миллион болатын қойды ұрлаған кім?

«Ұры алыстан келмепті». Құны 1 миллион болатын қойды ұрлаған кім?

«Ұры алыстан келмепті». Құны 1 миллион болатын қойды ұрлаған кім?
ашық дереккөзі
Түркістан облысында қойшы өзіне сеніп тапсырылған малды қолды етіп, мал иесін 1 миллион теңге көлемінде шығынға батырды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түлкібас АПБ-нің кезекшілік бөлімшесіне жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, ол биыл мамыр айында 387 бас қойын санап, бақташыға сеніп тапсырады. Алайда қараша айында алып кетуге барғанында 18 бас малының жоқ екендігін жеткізеді. Аталған арыз Түлкібас АПБ-не тіркеуге алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабымен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) енгізілді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады. Тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп, тексеруді бастап кетті. Ауыл-аймақтың барлық жайылымдық жерлеріне тінту жүргізіп, көрген-білген тұрғындардан жауап алынып, сонымен қатар мал базарлары мұқият тексерілді. Жинақталған ақпарат көздері нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа күдікті жергілікті тұрғын, яғни малшының өзі екендігін анықтады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері мал жайылымында малды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ өзіңізге жақсы таныс емес азаматтарға малыңызды сеніп тапсырмағаныңыз абзал. Ал малшы сеніп тапсырылған төрт-түлігіңізді жиі тексеріп, қадағалап тұрғаныңыз жөн. Үй жануарларыңыз жоғалса немесе ұрланса, онда сіз уақыт жоғалтпай ,шұғыл түрде полицияның “102” нөміріне хабар беріңіз. Бұл өз кезегінде қылмыскерлерді тез арада ұстауға көмектеседі.