Жаңалықтар

Есірткі мен қару-жарақты таксимен жеткізбек болғандар ұсталды

ашық дереккөзі

Есірткі мен қару-жарақты таксимен жеткізбек болғандар ұсталды

Түркістан облысындағы такси салонынан есірткі мен қару-жарақ табылды, - деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Рейдтік іс-шаралар барысында Сарыағаш АПБ патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған көлікті тоқтатқан. Нәтижесінде аңшы қаруы және өсімдік тектес есірткі заттары табылған. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат берген. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.