АҚШ-тың баспанасыз тұрғындары қазақ үйді паналап жүр

АҚШ-тың баспанасыз тұрғындары қазақ үйді паналап жүр

АҚШ-тың баспанасыз тұрғындары қазақ үйді паналап жүр
ашық дереккөзі

Лос-Анджелес маңындағы Канога саябағында пенопластан жасалған қазақ үйлерді жиі көресіз. Өйткені бұл штаттың үйсіз-күйсіз жүрген тұрғындары қауіпсіз жерде болуы әрі суықта тоңып қалмауы үшін қазақ үйлер сатып алады екен, құны – 250 АҚШ доллары.

Жергілікті тұрғындар мұндай үйлер күн суытқанда жылытып, аптап ыстықта бөлмені салқындататын қасиетке ие екенін айтады.

ЗТБ инстаграм-парақшасы әлемнің көптеген мемлекеті қазақтың киіз үйін түрлі тәсілмен тұрмысқа бейімдеп алғанын жазады: мәселен, Еуропа елдерінде қазақ үйлер той-томалақ өткізуге қолданылса, Моңғолияда туристерді тамсандыратын негізгі атрибуттың бірі болып саналады.