Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі

29 қараша, 2020 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру мен сақтау үшін жүргізіліп жатқан шаралар туралы тоқталып өтті.
"Үкімет заманауи мұрағат қызметінің қалыптасуына үлкен мән береді. Мамандықтың беделін арттыру үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық және өңірлік мұрағаттардың 2 мыңнан астам қызметкерінің жалақысы тиісінше 50% - ға және 35% - ға артты. Бұл мақсатқа 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетте 2,8 млрд теңге қарастырылған", — деп хабарлады Асқар Мамин депутаттық сауалға берген жауабында.