Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген.
Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру мен сақтау үшін жүргізіліп жатқан шаралар туралы тоқталып өтті.
«Үкімет заманауи мұрағат қызметінің қалыптасуына үлкен мән береді. Мамандықтың беделін арттыру үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық және өңірлік мұрағаттардың 2 мыңнан астам қызметкерінің жалақысы тиісінше 50% – ға және 35% – ға артты. Бұл мақсатқа 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетте 2,8 млрд теңге қарастырылған», — деп хабарлады Асқар Мамин депутаттық сауалға берген жауабында.