"2 бала көз жұмды!" Жамбыл облысында қайғылы оқиға орын алды

"2 бала көз жұмды!" Жамбыл облысында қайғылы оқиға орын алды

"2 бала көз жұмды!" Жамбыл облысында қайғылы оқиға орын алды
ашық дереккөзі

Жамбыл облысында екі бала мұз астына түсіп кетіп қайтыс болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап turkystan.kz сайты.

Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, 6 және 9 жастағы екі бала Байзақ ауданы Үлгілі ауылындағы суарма арық маңында ойнап жүрген. Сол жерде мұз астына түсіп кетті, балаларды құтқару мүмкін болмады. "Жамбыл облысы жедел құтқару жасағының үш сүңгуірі олардың денесін 3 метр тереңдіктегі судан шығарды", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли. Министрлік қазіргі мұздың жұқа әрі қауіпті екенін ескертті. "Мұздың алғашқы қабаты балалар мен жасөспірімдерді қызықтырады. Алайда жұқа мұз өте қауіпті. Мұны балаларға айтып, ескерту керек. Балалардың мұндай жерлерде бақылаусыз жүруіне жол бермеңіз. Қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріңіз", - делінген министрлік хабарламасында.