Ресейдің Омбы қаласында қазақ мәдениетінің апталығы өтіп жатыр.
Апталық Омбы аймақтық қоғамдық ұйымының, Омбы қазақтарының бастамасымен ұйымдастырылып, кең ауқымды бағдарламаға негізделіп, көптеген бағытты қамтыды.
Іс-шараның алғашқы күні Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті бойынша этнокесттен басталды. Одан кейін Омбы қазақтарымен "өңір тарихындағы қазақтар" тақырыбында ашық әңгіме" әрі қарай "Киіз үй-көшпенділердің микрокосмосы" тақырыбымен жалғасты.