
Іс-шараның алғашқы күні Қазақ халқының тарихы мен мәдениеті бойынша этнокесттен басталды. Одан кейін Омбы қазақтарымен «өңір тарихындағы қазақтар» тақырыбында ашық әңгіме» әрі қарай «Киіз үй-көшпенділердің микрокосмосы» тақырыбымен жалғасты.
Омбыдағы қазақ мәдениеті апталығының екінші күні » Қазақ тілі және оның қазіргі жағдайы» тақырыбына арналды.
3-ші күн «Абай үйі» мәдени-іскерлік үйінің жұмысы аясында Отандастар күні аталды.
4-күн Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына орай «Шоқан және Омбы» тақырыбы аясында өтті.
5 күні Ғабит Мүсіреповтің «Ақлима» шығармасына негізделген тұңғыш қазақ спектаклінің жабық көрсетілімі болды. Қойылымның қоюшы режиссері – Мұсайбекова Салтанат.
Апталық аясында желтоқсан айында 50-ші нөмірі жарыққа шығатын «Омба қазақтары» газетінің редакциясымен сұхбат өтті.