ДДҰ Еуропа халқын босаңсымауға шақырды

ДДҰ Еуропа халқын босаңсымауға шақырды

ДДҰ Еуропа халқын босаңсымауға шақырды
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа елдерін желтоқсан айындағы мерекелер қарсаңында босаңсымауға шақырды. «Еуропаның кей елдері Жаңа жыл және Рождество қарсаңында карантин шараларын жеңілдетіп жатқан кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықты босаңсымауға шақырды»,  – делінген хабарламада. ДДҰ өкілдерінің айтуынша, бүгінгі таңда коронавирустың екінші толқынының таралмауы жаңа қатаң шектеулердің арқасында ғана мүмкін болып отыр. Алайда Еуропа әлі де пандемияның ошағы. Бүгінгі күні ең маңыздысы – үшінші толқынның алдын алу. «Біз қабылданған шаралардың нәтижесінде вирус жұқтырушылар санының азайғанын байқап отырмыз. Бірақ бұл карантин шараларын жеңілдететін кез емес», – дейді ДДҰ сарапшысы Мария Ван Керкхове.