Туыстары өлді деп мәйітханаға апарып тастаған ер адам тіріліп кеткен

Туыстары өлді деп мәйітханаға апарып тастаған ер адам тіріліп кеткен

Туыстары өлді деп мәйітханаға апарып тастаған ер адам тіріліп кеткен
ашық дереккөзі
Кенияда мәйітханада жатқан ер адам тіріліп кеткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Питер Киген үйде есінен танып құлаған соң туыстары оны жергілікті ауруханаға жеткізген. Жақындарының айтуынша, бірнеше сағаттан кейін дәрігерлер оның ауруханаға жеткенше қайтыс болғанын хабарлайды. Бірақ аурухана қызметкері Гирберт Черуйотаның сөзінше, Питердің туысқандары өздері оны өлді деп санаған. Дәрігерлер науқастың жағдайын тексеру үшін уақыт керек екенін айтады, ал  туыстары ақ халаттыларды айыптап, марқұмның денесін мәйітханаға өздері жеткізген. Мәйітхана қызметкерлері ер адамды бальзамдауға дайындап жатқан кезде оның қимылдағанын байқайды. Содан кейін оны палатаға ауыстырған. Бірнеше күннен кейін ол ауруханадан шығады. Питер туыстары оны өлдіге санап, мәйітханаға жібергенін білгенде қатты таңғалған.