Абай шығармалары қытай тіліне аударылды

28 қараша, 2020 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Абай шығармалары қытай тіліне аударылды Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдері қытай тіліне аударылды. Аударған - Қытай Халық Республикасында тұратын қандасымыз, жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері Әкпар Мәжитұлы. Ол әдебиет саласындағы алғашқы туындысы мемлекеттік сыйлықты алған талантты жазушы. Сондай-ақ жеті тілді еркін меңгерген полиглот. Қытай тілінде жазатын жазушы болғанымен, сол елдегі қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан қайраткер. 7 желтоқсанда Қытайдағы Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен «Абай» атты жинақтың тұсаукесері өтпек.