Азаматтығы, үйі жоқ көп балалы ана қайтіп күн көрер?

Азаматтығы, үйі жоқ көп балалы ана қайтіп күн көрер?

Азаматтығы, үйі жоқ көп балалы ана қайтіп күн көрер?
ашық дереккөзі
Өзбекстаннан келген қандасымыз Наргиз Ташкенбаева төрт баланың анасы, жұмыссыз, балаларға арналған әлеуметтік жәрдемақыны да ала алмай жүр. Наргиз Ташкенбаева – 1981 жылы Өзбекстанда туған. Қазақстанға қоныс аударғанына 20 жыл болса да, әлі күнге дейін азаматтық ала алмаған. Қолында тек балаларының туу туралы куәлігі ғана бар. Наргиз бұған дейін әртүрлі жерде құжатсыз жұмыс істеп келгенін айтады. Қазір төрт баламен аядай бөлмеде тұрады. «Жұмысым болмаса, жәрдемақы алмасам қыс ішінде төрт баламен көшеде қалып қоямын ба?» деп алаңдайды. – Қазақстан азаматтығы болмағандықтан ешқандай әлеуметтік жәрдемақы ала алмай отырмыз. Құжатсыз жұмысқа да алмайды. Жұмыс істейтін жалғыз ағамыз бар, бірақ оның төрт баласы, менің төрт бала бар, – дейді көп балалы ана. Оның айтуына қарағанда, Наргиз қазір төрт баласымен туыстарын уақытша паналап жүр. 11 адамды жалғыз ағасы асырап отырған көрінеді. Басындағы баспанасында жалдап тұрады. Айына алатын 100 мың теңге жалақы11 адамды асырауға жеткіліксіз дейді. – Ол бізбен бірге былтыр қыстан бері тұрады.  Наргиз менің қарындасым. Менің әйелім және 4 балам бар. Осылай өмір сүру адамға ауыр, – дейді ағасы Абдусамет Зайытов. – Ағам да әртүрлі жерде құжатсыз жұмыс істеп келді. Қазақстан азаматтығын алуға қанша ма рет құжат тапсырды. Бірақ Көші-қон қызметі қабылмады. Мен де оларға бара-бара шаршадым. Құжаттарды рәсімдеуге барсаңыз, олар құлықсыз.  Мен олар талап кеткен барлық құжаттарды өткіздім. Оған қаншама ақша мен уақыт кетті?! Бірақ нәтиже жоқ, – дейді амалы таусылған Наргиз Ташкенбаева. Қазір қандасымыз Наргиз Ташкенбаеваның заң жүзінде еңбек ету, білім алу және медициналық көмек алу мүмкіндігі жоқ. Тіптен, балалары балабақшаға бара алмай отыр. Алайда, балалары Қазақстанда туған. Туу туралы куәліктері бар. Ал Көші-қон қызметі: «Наргиз Ташкенбаева құжаттарды алу үшін басынан бастап барлық кезеңдерден өтуі керек. Бірінші Өзбекстан азаматы екенін растауы қажет. Ол үшін Консулға хабарласу керек», – дейді. – Консулға ол өзінің туу туралы куәлігін көрсетіп, бәрін түсіндіреді. Одан кейін Өзбекстан тарапы ел аумағындағы құзырлы орындарға сұраныс жібереді, – деп түсіндіреді Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық Көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Еркін Төлебаев.