Данияр Елеусінов әлем чемпионы Джулиус Индонгоны нокдаунға түсірді

Данияр Елеусінов әлем чемпионы Джулиус Индонгоны нокдаунға түсірді

Данияр Елеусінов әлем чемпионы Джулиус Индонгоны нокдаунға түсірді
ашық дереккөзі
Бүгін қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) жартылай орта салмақтағы IBF Intercontinental бос белбеуі үшін бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жекпе-жекке шықты. Елеусінов пен Джулиус Индонго арасындағы кездесу Голливудтағы бокс кешінің андеркардында өтті. Қазақтандық боксшы бірінші және екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде Данияр Елеусінов уақытынан бұрын жеңіске жетіп, IBF Intercontinental белбеуіне ие болды. Бұған дейін қазақстандық спортшы бүгінгі жекпе-жегіне қатысты: «Бәріне өз талантымды, күшімді, жылдамдығымды және таймингім қандай тамаша екенін көрсеткім келеді. Менде қуат жоқ және стилім кәсіпқойға жарамайды дейтіндердің бәріне паш еткім келеді», – деген болатын The Ring журналына берген сұхбатында.