Жаңалықтар

Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған қыз қамауға алынбайтын болды

ашық дереккөзі

Жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған қыз қамауға алынбайтын болды

Батыс Қазақстан облысында жаңа туған сәбидің өліміне кінәлі жас ана қамауға алынбайтын болды. Бұл туралы аймақтағы Полиция департаменті хабарлады деп жазады Tengrinews.kz. тілшісі. Колледжде оқитын студент қызды тергеген соң ешқайда кетпеу туралы қолхат алып босатқан. Денсаулық сақтау басқармасы 19 жасар қыздың ауруханадан шыққанын хабарлады. Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. «Қызбен психологтар жұмыс істеді. Оны медициналық мекемеде бұдан ары ұстауға негіз жоқ», – деп хабарлады БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. «Медициналық мекемеден шыққаннан кейін қызды Жалпақтал ауылының полиция бөліміне жеткізді. Күдіктіден жауап алынды. Бірқатар сараптама тағайындалды», – деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков. Айта кетсек, 23 қарашада БҚО Қазталов ауданы Жаңажол ауылында 19 жасар қыз жаңа туған сәбиін көшедегі әжетханаға тастап кеткен болатын. Сәби суыққа шыдамай қайтыс болған. ҚР ҚК 100-бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.