Ұрланған 464 телефон табылды
Ұрланған 464 телефон табылды
Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны тәркіледі – деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен 23 және 20 жастағы ағайынды екі жігітті ұстады. Олар жедел және арнайы іс-шараларының мәліметтеріне сәйкес ұрланған ұялы телефондар мен басқа да құралдарды сатып алған. Бұл партия Қырғызстан мен Өзбекстанға жөнелтілуі тиіс болған. Күдіктілердің тұрғылықты жерінен тінту барысында 464 смартфон, бір ноутбук және төрт қол сағаты табылып, процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 196-бабы 2-бөлімімен жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта осы ұялы телефондардың иелерін анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.