Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?
ашық дереккөзі
Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге дейін қаржы жұмсалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «коронавирус инфекциясымен ауырған бір науқасты  емдеуге мемлекет қанша қаражат бөледі» деген сұраққа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният  осылай жауап берді.  Бұл жөнінде zakon.kz тілшілері хабарлады. – Коронавирустық инфекциямен  ауыр түрдегі бір науқасты емдеу құны 900 мың теңгені құрайды. Ал орташа  ауыр түрдегі науқасты емдеуге  465 мың теңге жұмсалады ,  – деді вице-министр. Сонымен бірге ол  бұл қаржының мемлекет қазынасынан бөлінетіндігін ескертті.