"150 адамға рұқсат еттік" Бекшин өзі рұқсат берген банкет жайлы айтып берді

"150 адамға рұқсат еттік" Бекшин өзі рұқсат берген банкет жайлы айтып берді

"150 адамға рұқсат еттік" Бекшин өзі рұқсат берген банкет жайлы айтып берді
ашық дереккөзі

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қоғам талқысына түсіп жатқан 150 адамдық банкет жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz сайты.

"Олар қазір ұзақ уақыт үзілістен соң қызметкерлерді қайтадан жинап жатыр. Спортшыларға құрмет көрсету шарасы бірінші қабатта 1 рет қана өтуі тиіс болатын. Алайда, бөлім басшысының көрсеткен ақпаратында бірреттік шара екендігі көрсетілмеген", - деді бас санитар дәрігер. "Ол жерде қанша адам болғаны да белгісіз. Біреулер 40 адам десе, біреулер 60 адам дейді. Бұл қонақүйде жоғарғы қабатта кең көлемде банкет өткізетін бөлмелер жоқ. Қонақүй басшылығы өте ауқымды зарарсыздандыру шараларын жүргізді. Ауаны рецирккуляторлы тазарту жүйесін орнатып, ауа алмасу жүйесін жақсартты. Бактерицидті лампалар қойылды. Осы қауіпсіздік шараларына 1 млн долларға жуық қаражат кеткен. Сол үшін біз бұл шараға рұқсат бердік. 900 орындық залға тек 150 адамға рұқсат еттік",- деді Жандарбек Бекшин.