Бір жасар бала жазатайым оққа ұшты

Бір жасар бала жазатайым оққа ұшты

Бір жасар бала жазатайым оққа ұшты
ашық дереккөзі
Канаданың Каварта-Лэйкс қаласы маңындағы атыс кезінде жарақат алған бір жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды CBC News агенттігі. Каварта-Лэйкс қаласында тұратын 33 жастағы ер адам сот шешімі бойынша бұрынғы әйелінің қамқорлығында қалған баласын ұрлап әкеткен. Баланың анасы полиция қызметіне жүгініп, ақырында полиция қызметкерлері баланы алып қала сыртына қашқан әкенің ізіне түскен. Полицейлердің ескертуіне көнбеген ер адам оларға қарсы оқ атқан, ақырында құқық қорғаушылар да қарымта оқ атуға мәжбүр болған. Қарулы қақтығыс кезінде көліктің артқы орындығында отырған бір жасар балаға оқ тиіп, ақырында ол жедел жәрдем көлігі жеткенше жан тапсырған. Ал баланың әкесі мен оны тоқтатпақ болған үш полицейдің біреуі жараланды. Қала әкімшілігі бала өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.