Тоқаевтың тапсырмасынан соң бағасы арзандайтын дәрі-дәрмектің тізімі шықты

27 қараша, 2020 / Әділ Байбол
ашық дереккөзі
Тоқаевтың тапсырмасынан соң бағасы арзандайтын дәрі-дәрмектің тізімі шықты Денсаулық министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бағасы төмендетілетін дәрі-дәрмектің тізімін ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Бәсекелестікті реттеу және дамыту агенттігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Мемлекет басшысының COVID-19-ды емдеу кезінде пайдаланылатын дәрілік заттардың бағасын төмендетуге бағытталған тапсырмасын орындау бойынша жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, агенттік өндіруші бағасынан, қауіпсіздік пен сапаны бағалауға арналған шығындардан, маркетингке арналған, сондай-ақ өндірушіден Қазақстан Республикасының шекарасына дейінгі көлік және кедендік шығындардан тұратын бағаларды қалыптастыру бойынша құжаттаманы зерделеп жатыр», - деп жауап берді Денсаулық сақтау министрлігі агенттік журналисінің ресми сұрауына.  Төменде бүгінгі таңда Қазақстан аумағында сатылатын 58 антибактериалды препараттың тізімі берілген: Еске салайық, 17 қарашада Үкімет мүшелері, бірқатар мемлекеттік орган басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысқан кеңес барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрі-дәрмектің бағасын төмендетуді тапсырған болатын.