Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанның өткені мен келешегі туралы «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанның өткені мен келешегі туралы «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
«Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі Елбасы Н.Назарбаевтың «Qazaqstan» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы, журналист Ләззат Танысбайға берген сұхбаты негізінде әзірленді.
Фильмде еліміздің Тұңғыш Президенті облыс мәртебесіне ие болған Түркістан қаласының қайта жаңғыруы, тарихи шешімнің мәні мен маңызы, көне шаһардың туристік әлеуеті мен халықаралық аренадағы беделі, қаланың келешек жоспарлары туралы жан-жақты баяндайды.
Сонымен қоса Н.Назарбаев телеарнаға берген сұхбатында Түркістанның Орталық Азиядағы және түркі әлеміндегі орны, «Түркі әлемінің киелі жерлері» жобасы, «Керуен-сарай» көпфункционалдық туристік кешенінің әлеуеті, қала аумағын көгалдандыру және Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жобаларының нәтижесі мен олардың азаматтардың әл-ауқатын жақсартудағы ықпалы туралы айтады.
Деректі фильм «Qazaqstan» ұлттық арнасынан 1 желтоқсан сағат 20:00-де эфирге шығады.