Қазақстан-Моңғол үкіметаралық комиссиясының 8-отырысы өтті

Қазақстан-Моңғол үкіметаралық комиссиясының 8-отырысы өтті

Қазақстан-Моңғол үкіметаралық комиссиясының 8-отырысы өтті
ашық дереккөзі
Қазақстан-Моңғол үкіметаралық комиссиясының 8-отырысы онлайн режимде өтті Комиссияны Қазақстан жақтан Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов,  Моңғолия жақтан Моңғолияның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аюушиин Ариунзаяа басқарды. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың болашағы, сондай-ақ ауыл шаруашылық, инвестиция, кәсіпкерлік, көлік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, стандарттау және метрология, мәдениет, спорт, туризм, білім беру салаларындағы ынтымақтастық бағыттары және Қазақстан мен Моңғолия арасындағы шарттық-құқықтық базаны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Ынтымақтастық арқылы жүзеге асатын шаралардың Баян-Өлгейдегі қандастарға тиімді тұстары да көп болмақ. Үкіметаралық комиссияның келесі отырысы 2022 жылы Ұлан-Батырда өткізіледі.