Алматыда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 7 есе өсті

Алматыда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 7 есе өсті

Алматыда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 7 есе өсті
ашық дереккөзі
Алматыда коронавирустың өсу қарқынының эпидемиологиялық жағдайды қиындап барады. Бұл туралы бүгін қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. "Алматыда коронавирус ауруының өсуі қазан айында басталды. Бұл айда 366 науқас тіркелген болатын, бұл қыркүйек айымен салыстырғанда 2,2 есе жоғары (165 жағдай). Ал қыркүйекпен салыстырғанда қарашада ауру 7 есеге өсті", - деді бас санитарлық дәрігер. Оның айтуынша, бүгінгі таңда Алматыда коронавирустың өсу қарқынының эпидемиологиялық жағдайы қиындап барады. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 26 қазандағы №64 және 9 қарашадағы №65 қаулысымен салынған шектеуі жалғастып келеді. "Жыл басынан бері аумақта коронавирус инфекциясының 15 876 жағдайы және 1 140 этиологиясы анықталмаған пневмония тіркелді, бұл сары аймақтан шығуға мүмкіндік берді", - деді ол.