Барлық нәрсе басқаша болуы мүмкін еді: Елбасы неге күрсінді?

Барлық нәрсе басқаша болуы мүмкін еді: Елбасы неге күрсінді?

Барлық нәрсе басқаша болуы мүмкін еді: Елбасы неге күрсінді?
ашық дереккөзі
Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Хабар» арнасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Штрихи к портрету» деректі фильмі көрермендерге жол тартады. Жаңа деректі фильмнің үзіндісін Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желіде жариялады. https://www.youtube.com/watch?v=MQDoB2L43Gs&feature=emb_logo Фильмінің алғашқы бөлімі 1 желтоқсан күні «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі. Айгүл Әділованың  туындысы Елбасы баспасөз қызметі мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен түсірілді», – деп Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Ешкімнің басына мұндай ауыртпалықты жазбасын, саған да. Бұл ауру кетпейді... Аурудан кейін мен арнайы сол жаққа бардым... Өмірімде барлық нәрсе басқаша болуы мүмкін еді», – деп күрсінеді Елбасы фильм үзіндісінде.

Елбасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, «Штрихи к портрету» – Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызмет жолына арналған көп сериалы деректі фильм.