Омбыда қазақ мәдениеті апталығы өтті

Омбыда қазақ мәдениеті апталығы өтті

Омбыда қазақ мәдениеті апталығы өтті
ашық дереккөзі
Омбы қаласында «Омбы қазақтары» Омбы аймақтық қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен Қазақ мәдениеті апталығы өтті.
«Омбы қазақтары» Омбы аймақтық қоғамдық ұйымымен және «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ-мен бірлесе өткізген мәдени іс-шара «ZOOM» платформада онлайн форматта жүзеге асырылып, бірнеше басым бағыттар қамтылды.
Іс-шараға «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ Орталық аппаратының кеңесшісі Қарлығаш Хожамұрат, «Отандастар қоры» КеАҚ бас менеджері Серік Абдуалиев, сондай-ақ Омбы тарапынан белсенді өкілдер қатысты.