Жаңалықтар

Жолаушылары бар көлік Үлкен Алматы каналына құлап кетті

ашық дереккөзі

Жолаушылары бар көлік Үлкен Алматы каналына құлап кетті

Үлкен Алматы каналына жолаушылары бар көлік түсіп кетті. Апат салдарынан жүргізуші мен жолаушы жарақат алды - олардың екеуі де ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz. Томирис шағынауданында 26 қарашада оқыс оқиға болды. Басылымның хабарлауынша, Renault Logan шығысқа қарай бет алған. Содан кейін күтпеген жерден Honda Odyssey жолдың қарсы бағытына шығып кетеді. Француз көлігінің жүргізушісі рульді бұрып, соқтығысудан қашпақ болғанымен, Honda оған қарай қозғалысын тоқтатпаған. Қатты соқтығыс салдаранын Renault Үлкен Алматы каналына құлап кетті. Көлік аударылып, шатырға құлап түскен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен жолаушы жарақат алды - екеуі де ауруханаға жатқызылған. Туыстарының айтуынша, жарақат алғандардың жағдайы тұрақты.