Көпбалалы аналарға қандай несие жеңілдіктері бар?

Көпбалалы аналарға қандай несие жеңілдіктері бар?

Көпбалалы аналарға қандай несие жеңілдіктері бар?
ашық дереккөзі
Алматыда көпбалалы аналарға екінші деңгейлі банк өкілдері несие берудегі түйіткілді мәселелерді түсіндірді. Шара «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының қолдауымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өтті. Мегаполистің сегіз ауданының көпбалалы аналары онлайн режимінде банк өкілдеріне сұрақ қойды. Мысалы, Алатау ауданының тұрғыны Венера Карибаева қайтыс болған адамның несиелік міндеттемелері жақын туыстарына ауысуына қатысты мәселе көтерді. Ал, Алмалы ауданының тұрғыны Әйгерім Хабиева пандемия кезінде жеке кәсіпкерлер үшін қандай жеңілдік қарастырылғанын сұрады. Бұл сауалға Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Ернар Оразбаев жауап берді. «Осындай мазмұндағы барлық өтініштер мен ұсыныстарды банктер жеке тәртіпте, бірақ құжаттардың толық пакеті болған жағдайда ғана қарайды. Яғни, балалардың туу туралы куәлігі және пандемиядан туындаған кірісті жоғалту туралы анықтама. Алайда, барлық қарыз алушылар өздерінің мінсіз несие тарихы туралы алаңдауы, төлем тәртібін сақтауы және оны түзетуі керек. Өйткені, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, банк клиентінің несие тарихы 10 жыл сақталады», – деді ол. Оның айтуынша, биыл қарыз алушының төлем қабілетін бағалауға қойылатын талаптар айтарлықтай қатаңдатылды.