Марадонаның мәйітімен селфи жасап, жұмыстан қуылды
Марадонаның мәйітімен селфи жасап, жұмыстан қуылды
Sepelios Pinier жерлеу бюросының қызметкері жақында қайтыс болған Диего Марадонаның табытының жанында селфи жасағаны үшін жұмысынан қуылды. Бұл туралы Daily Mirror хабарлады.
Әлеуметтік желіде атақты футболшының табытының жанында сұқ саусағын шошайтып фотоға түскен ер адамның фотосы жарияланды. Ол адам жерлеу бюросының қызметкері болып шықты. Шамасы оған футбол жұлдызының мәйітін жерлеу рәсіміне дайындау тапсырылған болса керек.
Әлемге аты мәшһүр футбол жұлдызының табытымен фотоға түсіп, жұртты таңырқатам деп ойлаған қызметкер жұмыстан қуылғанын Sepelios Pinier жерлеу бюросының иесі хабарлаған.
Желіде жарияланған фото Марадона фанаттарының ашу-ызасын тудырған.
Еске сала кетейік, аргетиналық атақты футболшы Диего Марадона 25 қарашада, 60 жасында қайтыс болды.