Елбасы жаңа театр әртістерімен бірге Ақан серінің «Қара торғай» әнін орындады (видео)
Елбасы жаңа театр әртістерімен бірге Ақан серінің «Қара торғай» әнін орындады (видео)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды. Онда ол жаңа театр әртістерімен бірге Ақан серінің «Қара торғай» әнін орындады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-де жазды.
Елбасы елорданың жаңа мәдени нысанымен танысып, театрдың шығармашылық ұжымымен кездесті.
Театрдың жаңа ғимараты Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен бой көтерді.
Ғимараттың жалпы ауданы 22 мың шаршы метрден асады. Мұнда 635 орындық үлкен зал, 202 орындық камералық зал, арт-галерея, мейрамхана, салтанатты кездесулер залы орналасқан.
https://twitter.com/Aidos_Ukibay/status/1331989862879272962?s=20