"Makyol" түрік компаниясы Алматы облысының инфрақұрылымын жақсартуға ниетті

"Makyol" түрік компаниясы Алматы облысының инфрақұрылымын жақсартуға ниетті

"Makyol" түрік компаниясы Алматы облысының инфрақұрылымын жақсартуға ниетті
ашық дереккөзі

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов "Makyol" түрік компаниясының өкілдерімен кездесіп, Алматы маңындағы аудандардың көлік қатынасын реттеуге қатысты жобаларды талқылады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

"Makyol" компаниясының ТМД елдері бойынша менеджері Иса Акбулут ірі жобаларға қысқаша тоқталды. Әңгімелесу барысында нақты ұсыныстарын бөлісіп, компания өкілдері Талғар, Қарасай аудандары мен Алматы қаласы арасындағы жол қатынасын жеңілдету мәселелерін шешуге қатысқысы келетіндерін атап өтті.