Павлодарда баласын аялдамаға тастап кеткен ата-ана іздестіріліп жатыр

Павлодарда баласын аялдамаға тастап кеткен ата-ана іздестіріліп жатыр

Павлодарда баласын аялдамаға тастап кеткен ата-ана іздестіріліп жатыр
ашық дереккөзі
Полиция мен еріктілер іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Pavlodarnews.kz "Павлодар қаласы VITA іздеу жүйесі" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Екатерина Кудрявцева сәбидің туған-туыстары немесе ата-анасын көрген куәгерлерге іздеу жарияланғанын айтты. - 2020 жылдың 26 қарашасында сағат 21:25-те Привокзальная алаңы, 1 көшесіндегі трамвай аялдамасында шамамен 8-10 айлық азиат бала табылды, - деді Екатерина Кудрявцева. Еріктілер полициямен бірге жұмыс істеп жатыр, осы аймақтағы барлық бақылау камералары қаралады, кинологтар да жұмыс тобына қосылмақ.