COVID-19: жағдайдың өршуіне Ресей шекараласуымыз себеп болып отыр

COVID-19: жағдайдың өршуіне Ресей шекараласуымыз себеп болып отыр

COVID-19: жағдайдың өршуіне Ресей шекараласуымыз себеп болып отыр
ашық дереккөзі
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірде коронавирус жұқтыру жағдайларының неліктен жиілеп кеткенін түсіндірді. «Коронавируспен ауру өсімі ең алдымен Ресей Федерациясымен шектесуімізге байланысты болып тұр. Қазіргі уақытта ол жақта коронавируспен ауру өсімі жоғары екені белгілі. 1,5 мың шақырымға созылатын шекарада 7 автомобиль өткелі бар, оның төртеуі негізгі саналады. Олар арқылы тек 6 қазанда шамамен 30 мың адам келді. Бұл республикаға автомобиль өткелі арқылы өткен барлық жолаушының 15 пайызға жуығын құрайды. Сырттан келгендер үшін 412 төсек-орын бар 6 карантиндік стационар әзірленген. Оларға ПТР теріс нәтиже көрсеткен анықтамасы жолаушылар жатқызылады», – деді Архимед Мұхамбетов. Сонымен қатап, әкім биыл өңірде денсаулық сақтау саласын дамытуға 78 млрд теңге бөлінгенін және бұл өткен жылы жұмсалған қаражаттан 1,5 есеге көп екенін айтты. «COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай сын-тегеуірінге айналып отыр. Бұл бағытта атқарар іс көп десек болады. Облыста коронавирус инфекциясының 4 913 жағдайы тіркелген. Қазіргі уақытта науқастарды емдеу ісіне 19 стационар жұмылдырылып, оларда 967 төсек-орын әзірленген. Қажеттілік туындаған жағдайда төсек-орын санын 3 мыңға жеткізе аламыз. Бүгінде төсек-орындар жүктемесі 33%», – деді облыс әкімі. Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысында коронавируспен ауырғандар санының артуына байланысты 9 қарашадан бері 3 аптаға карантин шаралары қатаңдатылған болатын.