Әкімдікке келген тіл жанашырына психдиспансерден дәрігер шақырғаны үшін аппарат басшысы жұмыстан босатылды
Әкімдікке келген тіл жанашырына психдиспансерден дәрігер шақырғаны үшін аппарат басшысы жұмыстан босатылды
Павлодар қаласы әкімінің аппарат жетекшісі Қайыржан Оңғаров әкімдікке мәселе айтып келген әйелге жүйке жүйесі ауруларын емдейтін диспансер дәрігерлерін шақырып, мұқатқаны үшін атқарып отырған қызметінен босатылды.
Белгілі қоғам белсендісі Руза Бейсенбайтегі Павлодар қалалық әкімдігіне өңірдегі тіл қолданысының жай-күйін айтып барған. Ал қабылдауына келген тіл жанашырына қала әкімінің аппарат жетекшісі психикалық аурулар диспансерінің дәрігерлерін шақырып, мұқатқысы келген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Павлодар облысы әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.