Әкімдікке келген тіл жанашырына психдиспансерден дәрігер шақырғаны үшін аппарат басшысы жұмыстан босатылды

Әкімдікке келген тіл жанашырына психдиспансерден дәрігер шақырғаны үшін аппарат басшысы жұмыстан босатылды

Әкімдікке келген тіл жанашырына психдиспансерден дәрігер шақырғаны үшін аппарат басшысы жұмыстан босатылды
ашық дереккөзі

Павлодар қаласы әкімінің аппарат жетекшісі Қайыржан Оңғаров әкімдікке мәселе айтып келген әйелге жүйке жүйесі ауруларын емдейтін диспансер дәрігерлерін шақырып, мұқатқаны үшін атқарып отырған қызметінен босатылды.

Белгілі қоғам белсендісі Руза Бейсенбайтегі Павлодар қалалық әкімдігіне өңірдегі тіл қолданысының жай-күйін айтып барған. Ал қабылдауына келген   тіл жанашырына қала әкімінің аппарат жетекшісі психикалық аурулар диспансерінің дәрігерлерін шақырып, мұқатқысы келген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Павлодар облысы әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.  width= Брифингте журналист облыс басшысынан шектен шыққан шенеунікке қандай шара қолданғаны туралы сұрады. Руза Бейсенбайтегі Павлодарда қазақ тілді білім ордаларына қарағанда орыс тілді мектептердің көбейіп келе жатқанын айтып, мәселе көтерген. Мемлекеттік тілдің жай-күйін талқылау мақсатында қала әкімдігіне барған тіл жанашырына аппарат басшысы жүйке ауруларына шалдыққандарды емдейтін дәрігерлер тобын шақырғаны қоғамның орынды наразылығын тудырған. «Руза Бейсенбайтегі әкімдікке бейбіт митинг өткізуге рұқсат сұрап келген болатын. Біз рұқсат бердік. Жиын өтті. Онда айтылған ұсыныстардың барлығын назарға алдық. Сыни пікірлерді де мұқият тыңдадық, олардың ішінде орынды көтерілгендері де баршылық. Қазір мемлекеттік қызметкерлер бұл мәселелерді шешуге кірісті. Олар жеке менің бақылауымда болады» деді Әбілқайыр Сқақов. Ал шенеунікке қандай шара қолданғаны туралы сауалға әкім: «Қала әкімінің аппарат жетекшісі Оңғаров мырза қызметінен босатылды» деп жауап берді.