Мас күйде рульге отырған азамат өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды

Мас күйде рульге отырған азамат өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды

Мас күйде рульге отырған азамат өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында мас күйде рульге отырған ер адам өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды. ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, осыған дейін 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған 35 жастағы азамат ішімдік ішіп алып «Mazda 626» автокөлігін тізгіндеген. Өскемендегі Высоковольтная көшесінде келе жатқан ол рульді басқара алмай қарсы жолаққа шығып кетіп, «ВАЗ 2106» көлігімен соқтығысқан. Тәртіп сақшылары бұл жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. «Өскемен қалалық №2 сотының үкімімен «Mazda 626» автокөлігінің жүргізушісі 3 жылға түрмеге қамалды. Сонымен қатар ол өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды. Үкім толықтай заңды күшіне енген», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.